Дипфейк видеолардан сақ болыңыз
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығы шетелдік танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын қолданған дипфейк видеолардың таралуы жиілегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Орталықтың хабарлауынша, мұндай видеоларда Қазақстанға қатысты көші-қон саясаты туралы жалған ақпарат таратылып, қоғам пікірін әдейі бұрмалауға бағытталған ақпараттық айла-тәсілдер қолданылады.
Мамандардың айтуынша, мұндай жалған контенттің мақсаты – Қазақстан мен көрші елдердің жағымсыз бейнесін қалыптастырып, әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратты таратуға тарту.
Орталық азаматтарды ақпаратты тексермей бөліспеуге, тек ресми дереккөздерге сенуге және күмәнді фото, аудио, бейнематериалдарды арнайы сервистер арқылы тексеруге шақырды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз