Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға жеткізілмек
Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан елге экстрадициялануы мүмкін, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Журналист Михаил Козачков жариялаған ақпаратқа сәйкес, блогер Камрань әуежайында құқық қорғау органдары қызметкеріне ұқсас адамның бақылауымен жүрген.
Қайсар Қамза 2026 жылдың қаңтарында халықаралық іздеуге жарияланған. Тергеу мәліметінше, ол Instagram-дағы миллиондаған аудиториясын пайдаланып, Қазақстанда тыйым салынған онлайн-казиноларды жарнамалаған. Оның криптовалюталық әмияндарынан шамамен 200 мың АҚШ доллары анықталған.
Блогер биыл сәуірде Вьетнамда Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ұсталған. Алайда мамыр айында ол әлеуметтік желіде өзін қамауға алмағанын мәлімдеген еді.
Енді жарияланған суреттерге қарағанда, Қайсар Қамза Қазақстанға жеткізіліп жатқан болуы мүмкін. Ресми органдар әзірге бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз