Алматылық кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі
Алматыда шағын және микробизнес өкілдері "Almaty Business – 2030" бағдарламасы аясында 86,5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады, деп хабарлайды ZontNews.kz. Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Бағдарлама өндіріс, туризм, IT, креативті индустрия, білім беру және басқа да басым салалардағы жобаларды қолдауға бағытталған. Негізгі талап – кәсіпкерлік қызмет Алматы қаласында жүзеге асырылуы тиіс.
Бағдарлама аясында қоғамдық тамақтану саласына да қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, ұлттық тағамдар ұсынатын мейрамханалар ашуға мүмкіндік қарастырылған.
Инвестициялық мақсаттағы несиелер 7 жылға дейін, ал айналым қаражатын толықтыруға арналған несиелер 3 жылға дейін беріледі.
Шағын және орта бизнеске арналған несие мөлшерлемесі жылдық 9%, ал өндіріс пен өнеркәсіп саласындағы жобалар үшін 6%. Қаржыландыруды Almaty микроқаржы ұйымы жүзеге асырады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз