Атырау, балабақша, тәрбиеші, іс
Атырауда жекеменшік балабақшада бір жасар сәбиге қатыгездік көрсетілді деген күдікке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Баланың ата-анасы алдымен оның денесіндегі көгерген іздерді байқап, кейін бейнебақылау камераларындағы жазбаларды сұратқан. Анасының айтуынша, бейнежазбада тәрбиешінің баланы қолынан сүйреп, сілкілеп, бір бөлмеден екіншісіне тасып жүргені көрінеді. Сондай-ақ сәби біраз уақыт бейнекамера орнатылмаған дәретханада болған.
Ата-анасы балабақшаға баласын небәрі бір апта бұрын бергенін айтып, тәрбиеші мен мекеме басшылығын жауапқа тартуды талап етуде.
Балабақша әкімшілігі болған оқиға туралы ата-анамен бірге бейнежазбаны көргеннен кейін ғана білгенін мәлімдеді. Қазір тәрбиеші қызметінен шеттетілген.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз