Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      21°C
Ру

Шудағы теміржол апаты: төрт адамның өліміне қатысты үкім шықты

Фото көзі: : Ulysmedia коллажы
ZontNews.kz
Шілде 31, 2026, 12:34 Т.Қ.

Жамбыл облысы Шу аудандық соты теміржолда төрт қызметкердің қаза болуына байланысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 10 желтоқсанда «Шешенқара – Қаражыңғыл» теміржол учаскесінде болған. Сол күні жүк пойызы жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригаданы қағып кеткен.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, жұмыстар теміржол қозғалысы толық тоқтатылмай және қажетті қауіпсіздік талаптары сақталмай жүргізілген. Сондай-ақ пойыз машинисіне жолда адамдардың жұмыс істеп жүргені туралы дер кезінде хабар берілмеген. Салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.

2026 жылғы 9 шілдедегі сот үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар сот үкімімен үш сотталушыға да теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Іс бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз