Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Маңғыстауда әйелдің денесінен жасырылған 34 зергерлік бұйым тәркіленді

Фото көзі: : instagram.com/mangystaumkd
ZontNews.kz
Маусым 18, 2026, түсқайта

Маңғыстау облысындағы «Құрық» кеден бекетінде Қазақстан аумағына кірген жолаушыдан заңсыз әкелінбек болған 34 дана зергерлік бұйым тәркіленді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, «Зарифа Әлиева» теңіз кемесімен келген 1964 жылы туған әйелдің күмәнді әрекеті кеден қызметкерлерінің назарын аударған. Паспорттық бақылаудан өткеннен кейін оның жүрісі баяулап, іш тұсын ұстап жүргені байқалған.

Тексеру барысында әйелдің денесіне жасырылған 34 зергерлік бұйым анықталды. Тәркіленген заттардың қатарында 15 жиынтық (сырға мен сақина), жеті сақина, үш жұп сырға, бір шынжыр және сегіз білезік бар.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік кірістер департаменті адам денесіне жасырып тауар тасымалдау кеден заңнамасын өрескел бұзу болып саналатынын және мұндай әрекеттер үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз