Жетісуда 40 қазанда сірне пісірілді
Жетісу облысының Көксу ауданында өткен «Сірне Fest – 2026» гастрономиялық-этнофестивалінде бір мезетте 40 алып қазанда сірне дайындалып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Фестивальде үздік аспаздар көшпенділердің дәстүрлі тағамын әзірлеп, ұлттық ас мәдениетін кеңінен таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттауға бағытталған.
Іс-шара барысында сірненің дәстүрлі дайындалу тәсілі мен оның табиғи әрі пайдалы тағам екені айтылды. Сондай-ақ болашақта ұлттық асты мейрамханалар мен туристік нысандардың мәзіріне кеңінен енгізу ұсынылды.
Фестиваль аясында этноауыл, қолөнер жәрмеңкесі, ұлттық ойындар мен республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті таныстырылды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз