Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Журналист Динара Егеубаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото көзі: : Динара Егеубаеваның видеосынан алынған скриншот.
ZontNews.kz
Там. 5, 2026, 10:15 Т.Ж.

Журналист Динара Егеубаеваға велосипедші қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Бұл туралы журналист Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тергеуші іс материалдарын жария етпеу туралы қолхатқа қол қоюды талап етіп, елден шығуға тыйым салынғанын хабарлаған.

«Күткендей, маған қатысты ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маған велосипедші арыз жазған. Үш күннің ішінде әкімшілік іс қылмыстық іске айналды», – деп жазды Егеубаева.

Журналистің айтуынша, осы уақытта әлеуметтік желілерде жол апатынан велосипедші қаза тапты деген жалған ақпарат тараған. Ол бұл мәліметті жоққа шығарып, зардап шеккен адамның тірі екенін айтты.

Егеубаеваның сөзінше, жол апаты ол оңға бұрылмақ болған сәтте болған. Көлік жоқ екеніне көз жеткізіп, маневр жасаған кезде қарсы бағытпен келе жатқан велосипедші көлігіне соғылған.

Оқиғадан кейін полиция мен жедел жәрдем шақырылып, апат орнындағы бейнебақылау камерасының жазбасы алынған.

«Ол маған соқтығысты. Дүйсенбі күні бәрі анық болады деп үміттенемін», – деді журналист.

Материал жарияланған сәтте құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайына қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз