Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      18°C
Ру

«Центр плова» ісі: сарапшылардың жауабы күмән тудырды

Фото көзі: : instagram.com/shchuchinsk.city
ZontNews.kz
Там. 4, 2026, түсқайта

Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында болған жарылысқа қатысты сот отырысында сарапшылардың жауабы адвокаттар мен айыптаушы тараптың күмәнін тудырды, деп хабарлайды  ZontNews.kz. КТК арнасына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, газ баллондарының екеуі нормадан артық толтырылған. Олардың болжамынша, жарылысқа салқын жерден әкелінген баллонның батарея маңында бірнеше сағат тұруы себеп болған. Алайда батареяның нақты температурасы өлшенбеген, ал кейбір куәгерлер оның мүлде жұмыс істемегенін айтқан.

Сот барысында адвокаттар сарапшылардың «мүмкін» және «солай шығар» деген болжамдарға ғана сүйенгенін сынға алды. Сонымен қатар айыпталушы газ тасымалдаушының қызы әкесінің тек жеткізуші болғанын айтып, тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Еске салайық, биыл ақпанда Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасында болған газ-ауа қоспасының жарылысынан 12 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз