Алматыда журналист Александра Алеховаға үкім шықты
Алматының Алмалы аудандық соты журналист Александра Алеховаға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Exclusive.kz-ке сілтеме жасап.
Сот үкіміне сәйкес, ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды. Сонымен қатар оған 3 жыл бойы журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Жабық сот отырысында шығарылған үкім бойынша Александра Алехова ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігі («Жеке құпияны құрайтын дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында заңсыз тарату») бойынша кінәлі деп танылды.
Еске салайық, бұған дейін «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналисті қылмыстық қудалауға алаңдаушылық білдіріп, істің әділ қаралуын қамтамасыз етуге шақырған болатын.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз