LRT іске қосылар шақта: Астанада жаңа жұмыс орындары ашылды
Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесін (LRT) іске қосуға дайындық қыза түсті. Осыған байланысты City Transportation Systems (CTS) компаниясы платформа бойынша кезекші және LRT кассирі қызметтеріне жаңа қызметкерлер іздеп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ZontNews.kz хабарлайды.
CTS мәліметінше, бұл лауазымдарға үміткерлерден жоғары немесе орта арнаулы білім талап етіледі. Мамандығы нақты шектелмейді, алайда көлік саласында кемінде алты айлық жұмыс тәжірибесінің болуы маңызды. Сонымен қатар, мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ал ағылшын тілін меңгеру артықшылық саналады.
Платформа бойынша кезекшінің негізгі міндеттері:
-
жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
-
жабдықтардың үздіксіз жұмысын бақылау;
-
жолаушылар ағынын реттеу және платформада қоғамдық тәртіпті сақтау.
Ұсынылатын еңбек шарттары:
-
жұмыс беруші есебінен бір айлық оқыту;
-
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
-
оқу кезеңінде – бес күндік жұмыс аптасы;
-
жұмысқа қабылданғаннан кейін – ауысымдық кесте.
Осылайша, LRT жобасы тек көлік инфрақұрылымын ғана емес, жаңа жұмыс орындарын да ұсынуға дайын.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз