Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      21°C
Ру

Қызылордадағы үш вокзал заманауи талапқа сай жаңартылды

Фото көзі: : Көлік министрлігі
ZontNews.kz
Шілде 15, 2026, 4:40 Т.Қ.

Қызылорда облысындағы Қазалы, Жаңақорған және Шиелі теміржол вокзалдары жаңғырту жұмыстарынан кейін қайта ашылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Вокзалдарда күрделі жөндеу жүргізіліп, ғимараттар жолаушыларға ыңғайлы жаңа инфрақұрылыммен жабдықталды.

1903 жылы салынған Қазалы вокзалы жаңартылып, аумағы 1 мың шаршы метрден асты. Жаңақорған вокзалының ғимараты кеңейтіліп, үш қабатты нысан толықтай жаңарды. Ал Шиелі станциясы да күрделі жөндеуден өтіп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды.

Жаңартылған вокзалдар арқылы еліміздің түрлі өңірлеріне және көрші мемлекеттерге қатынайтын жолаушылар пойыздары жүреді. Қазақстанда осыған дейін жаңғыртудан өткен 30 вокзал қайта іске қосылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз