Алматыда 2030 жылға дейін 676 үй сүріледі
Алматыда тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясында 2030 жылға дейін 676 ескі тұрғын үйді бұзу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде шамамен 7,5 мың адам жаңа баспанаға көшіріледі, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қаланың Бас жоспарына енгізілген түзетулерге сәйкес, реновация бағдарламасы сейсмикалық төзімділігі төмен, ескірген және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңартуды көздейді. Бағдарлама аясында 1930–1980 жылдары салынған көпқабатты үйлермен қатар, жеке тұрғын үйлер мен кешенді қайта құруды қажет ететін аумақтар да қамтылған.
Реновация жұмыстары Алатау, Әуезов, Алмалы, Түрксіб, Жетісу, Медеу және Бостандық аудандарындағы ондаған мекенжайда жүзеге асырылады. Кейбір жобалардың құрылысы қазірдің өзінде басталған.
Құжатқа сәйкес, Алматыда бүгінде 43 мыңнан астам адам тұратын сейсмикалық талаптарға сай келмейтін 1 403 ескі тұрғын үй бар. Осыған байланысты 2026–2030 жылдар аралығында кезең-кезеңімен үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанамен қамтамасыз етіледі.
Жоспарға сәйкес, 2026 жылы – 95, 2027 жылы – 100, 2028 жылы – 108, 2029 жылы – 121 және 2030 жылы 143 тұрғын үй бұзылады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз