Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      20°C
Ру

Жүргізуші куәлігі жоқ әйелдің қателігі адам өліміне әкелді

Фото көзі: видеодан скрин
ZontNews.kz
Маусым 23, 2026, 4:20 Т.Қ.

Көкшетауда көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра рөлге отырған әйел тұрғын үй ауласында жаяу жүргіншіні қағып, оның өліміне себеп болды. Бұл туралы ZontNews.kz. хабарлайды.

Қайғылы оқиға мамыр айында болған. Әйел автокөлікпен аула ішіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмған.

Сот мәліметінше, айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Ол күйеуінің денсаулығына байланысты оның рұқсатымен көлік тізгіндегенін, алайда жүргізуші куәлігі болмағанын айтқан.

Сот үкімімен әйелге 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда Қылмыстық кодекстің 74-бабы негізінде, оның тәрбиесінде екі кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.

Сот сонымен қатар әйелдің бұрын сотталмағанын, кінәсін мойындағанын және моральдық шығынды өтегенін ескерді. Марқұмның туыстары да оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Көлік иесіне қатысты жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік басқаруға рұқсат беру дерегі бойынша іс жеке өндіріске бөлінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз