Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Алматы облысында 29 жастағы ер адамды өлтіріп, жерге көміп кеткен

Фото көзі: : pixabay.com
ZontNews.kz
Маусым 2, 2026, 9:15 Т.Ж.

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Полицияның мәліметінше, марқұм әріптестерімен бірге демалыс орнында болған кезде жанжал туындап, соның салдарынан ауыр жарақат алған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Марқұмның туыстары оның 23 мамыр күні жұмысқа кетіп, үйіне оралмағанын айтады. Бірнеше күн бойы іздестірілген ер адамның мәйіті 27 мамырда жұмыс орнына жақын аумақтан жерге көмілген күйде табылған.

Әлеуметтік желіде марқұмның қарындасы ағасының мейірімді әрі еңбекқор жан болғанын айтып, оған бірнеше адамның шабуыл жасағанын жазды.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде ішімдік ішілген. Жанжалдан кейін күдіктілер қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті жақын маңға көміп кеткен.

Қазіргі уақытта «Кісі өлтіру» және «Қылмысты жасыру» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. Қосымша тергеу нәтижелері бойынша оқиға орнында болған үшінші адамға қатысты да процессуалдық шешім қабылданады», – деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сәйділдин.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз