Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Қаскелең, жасөспірім, құдық, жарақат

Фото көзі: : видеодан скрин
ZontNews.kz
Мамыр 21, 2026, 1 Т.Қ.

Алматы облысында 10-сынып оқушысы велосипедпен келе жатып, дұрыс жабылмаған құдыққа соғылып, ауыр жарақат алды. Оқиға үш күн бұрын Қаскелең қаласына кіреберістегі көшелердің бірінде болған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

КТК телеарнасының мәліметінше, жасөспірім жол үстінде шығып тұрған шойын темірді байқамай, қатты екпінмен соғылған. Салдарынан ол бірнеше метр жерге ұшып кетіп, омыртқасы мен жақ сүйегін сындырған.

Баланың анасы бұл жағдайға жол мен көше құрылысына жауапты мамандардың салғырттығы себеп болғанын айтады. Оның сөзінше, құдық қақпағы жол деңгейінен жоғары шығып тұрған, ал қараңғыда оны көру қиын болған.

Жасөспірім құлағаннан кейін біраз уақыт орнынан тұра алмай жатқан. Кейін ағасы келіп, оны ауруханаға өз көлігімен жеткізген. Туыстары жедел жәрдемнің кешіккенін айтты.

Әкімдік өкілдері құдық қақпағын белгісіз адамдар ұрлап кеткенін, сондықтан оның беті уақытша бетонмен жабылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар аудан әкімдігі бұл нысанға тікелей жауапты емес екенін хабарлады.

Қарасай ауданы әкімдігі тапсырыс беруші су шаруашылығы комитеті, ал мердігер "Алматы ИНЖ Строй" компаниясы екенін айтты. Қазір оқушы ауруханада жатыр. Дәрігерлер жақын күндері оған ота жасауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз