Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -14°C
Ру

Әскердегі кезекті қаза: Жамбыл облысында сарбаз оқ тиіп көз жұмды

Фото көзі: gov.kz
Қаһар Бинахметов
Қаң. 28, 2026, 9:26 Т.Ж.
0
21

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың қаза болуына байланысты Бас прокуратура шұғыл мәлімдеме жасады. 27 қаңтарда қаруды қолдану кезінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін тергеу амалдары басталып, бұл істі Бас прокурор жеке бақылауына алды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алды. Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті.

«Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қарумен жұмыс істеу кезінде алған жарақатынан қаза болу дерегі бойынша ІІМ әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында» – деп хабарлады Бас прокуратура.

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы аттанды. Арнайы комиссияға тек осы оқиғаны зерттеу ғана емес, сонымен қатар елдегі барлық әскери бөлімдердегі тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеріс жүргізу міндеті жүктелді.

«Жұмыс тобына еліміздің барлық әскери бөлімдеріндегі әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру міндеті қойылды. Сонымен қатар әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселесі жақын арада Бас прокуратураның арнайы алқа мәжілісінде қаралады» – деп мәлімдеді қадағалау органы.

Бас прокуратура әскери қызметтегі қауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде қарауға ниетті. Бұл қадамдар елдегі әскери бөлімдердегі жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады