Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      22°C
Ру

Инвесторға жол ашылды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 16, 2026, 1:20 Т.Қ.

Шымкент қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті жер учаскесін рәсімдеу барысында инвесторға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Атап айтқанда, «OxyLine» ЖШС ауыз су және алкогольсіз сусындар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 750 млн теңгені құрайды. Оның іске асырылуы нәтижесінде 30 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Прокуратура жүргізген талдау барысында инвесторға жер учаскесін беру мәселесі бұған дейін өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қаралғанымен, қолдау таппағаны анықталған. Сонымен қатар қабылданған шешімнің жеткілікті құқықтық және экономикалық негіздемемен бекітілмегені де белгілі болды.

Осыған байланысты мәселені жедел шешу және инвестициялық жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның нәтижесінде инвесторға «Бозарық» индустриялық аймағынан жер учаскесі бөлініп берілді.

Қазіргі уақытта әкімшілік кедергілер толық жойылып, инвестор жобаны іске асыру жұмыстарын бастап кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз