Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Қазгидромет шілде ауа райын болжады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 18, 2026, 5:06 Т.Қ.

"Қазгидромет” РМК 2026 жылдың шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, шілде Қазақстандағы ең ыстық ай болып қала береді. Солтүстік пен шығыста орташа температура +18…+23 градус шамасында болса, оңтүстікте +28…+30 градусқа дейін көтеріледі.

Жекелеген күндері ел аумағында аптап күшейіп, кей өңірлерде ауа температурасы +47…+50 градусқа дейін жетуі мүмкін. Соған қарамастан, шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де күтіледі.

Сондай-ақ солтүстік және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр, найзағай, ал таулы аймақтарда бұршақ жаууы ықтимал. Кей күндері бір тәулікте айлық нормадан да көп жауын-шашын түсуі мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз