Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Еуропа заңсыз мигранттарға талапты күшейтті

Фото көзі: : Юрий Стрелец / Коммерсантъ
ZontNews.kz
Маусым 18, 2026, 8:54 Т.Ж.

Еуропалық парламент Еуроодақ аумағында заңды негізсіз жүрген мигранттарды елден шығаруды жеделдетуге бағытталған жаңа заңды қабылдады. Құжатты 418 депутат қолдап, 218-і қарсы дауыс берді, тағы 30 депутат қалыс қалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Euronews-ке сілтеме жасап.

Жаңа ережеге сәйкес, ЕО елдері одаққа кірмейтін мемлекеттермен келісім жасап, заңсыз мигранттарды уақытша орналастыратын арнайы «қайтару орталықтарын» аша алады. Бұл орталықтарда адамдар өз еліне депортацияланғанға дейін ұсталады. Алайда олардың онда қанша уақыт болатыны және кейін міндетті түрде еліне жіберілетіні нақты көрсетілмеген. Ереже ата-анасыз келген кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, бірақ балалы отбасылар мұндай орталықтарға орналастырылуы мүмкін.

Заң жобасының қабылдануы парламентте қызу пікірталас туғызды. Нәтиже жарияланғаннан кейін құжатты қолдаған депутаттар қол шапалақтаса, кейбір оңшыл саясаткерлер «Оларды кері қайтарыңдар!» деп ұрандатты. Бұған қарсы тарап «Ұяттарың қайда?» деп жауап берді. Сарапшылардың пікірінше, бұл дауыс беру Еуроодақтың көші-қон саясаты бұрынғыдан да қатаң бағытқа бет алғанын көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз