Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Сәтпаевтың орнын кім басады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 18, 2026, 10:05 Т.Ж.

Алматылық «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаевтың Англияның «Челси» клубына ауысуына байланысты оның орнын кім алмастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

17 жастағы шабуылшы Қазақстан Премьер-лигасының XVII турындағы «Қызылжарға» қарсы матчта дубль жасап, туған клубымен жарқын қоштасты. Енді ол Лондонға аттанып, «Челси» сапында жаңа кезеңін бастайды.

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Сәтпаевтың клуб академиясының тәрбиеленушілері үшін үлгі болып қала беретінін айтты. Оның сөзінше, жас футболшының кетуі құрамда орын босатып, енді басқа ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Сәтпаевтың орнын басуы мүмкін негізгі үміткерлердің бірі – жуырда командаға қосылған 30 жастағы испаниялық шабуылшы Марк Гуаль. Бас бапкердің айтуынша, футболшы қазір жаңа ұжымға бейімделіп, физикалық бабын қалпына келтіріп жатыр. Ол Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына дейін толық дайын болады деген сенім бар.

Уразбахтин Марк Гуальдың тәжірибелі әрі жоғары деңгейдегі ойыншы екенін атап өтіп, оның алдағы матчтарда команда шабуылын күшейтіп, гол соғуға қауқарлы екенін жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз