туризм, өсім, виза
Қазақстан өңірдегі туристік картадағы орнын нығайтып келеді. 2026 жылдың І тоқсанында елдегі орналастыру орындары шамамен 2 млн адамға қызмет көрсетіп, қызмет көлемі 69 млрд теңгеден асты (+14%). Ішкі туризм де өсіп, қазақстандық туристер саны 3,6%-ға көбейді. Бүл туралы ZontNews.kz. ranking.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Ең көп келуші Алматыда (472,9 мың), одан кейін Астана (352,2 мың) және Ақмола облысы (161,1 мың). Курорттық аймақтарға сұраныс жоғары: келушілердің шамамен 40%-ы, яғни 800 мыңнан астам адам демалыс орындарын таңдаған.
Сала инфрақұрылымы да кеңеюде: 4,5 мыңнан астам орналастыру орны жұмыс істейді, 31 мың адам еңбек етеді. Соңғы жылдары бұл көрсеткіштер айтарлықтай өсіп, туризм экономикадағы маңызды секторға айналды (ЖІӨ-ге үлесі 3,1%, табыс 5 трлн теңге).
Қазақстан шетелдік туристер үшін де тартымды бола түсуде: визасыз режим 84 елге, e-visa 102 елге қолжетімді. Ел 2024 жылы жаһандық туристік индекс бойынша 28 сатыға көтерілді.
Жалпы, туризмге инвестиция, инфрақұрылым және заңнамалық қолдау артып, сала ел экономикасының маңызды драйверлерінің біріне айналып келеді.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз