Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      23°C
Ру

Грантқа құжат қабылдау басталады

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 18, 2026, 11:15 Т.Ж.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру гранттары конкурсына құжат қабылдау 13–20 шілде аралығында өтетінін жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Талапкерлер құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта немесе виртуалды қабылдау комиссиялары мен eGov порталы арқылы онлайн тапсыра алады.

Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3×4 көлеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом, жеңілдетілген санатқа жататынын растайтын құжаттар қажет. Ал B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» білім беру бағдарламасына түсушілер дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық қорытындысын ұсынуы тиіс.

Министрлік мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғалы талапкерлер тесті 187 мың рет тапсырған. Олардың 73 пайызы қазақ тілін, 27 пайызы орыс тілін таңдаса, 323 адам ғана ағылшын тілінде тест тапсырған. Төртінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балды жинаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз