Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -14°C
Ру

Шымкенттегі қанды қылмыс: Студент қыздың өліміне күдікті қала сыртында қолға түсті

Фото көзі: ашық дереккөздерден
Қаһар Бинахметов
Қаң. 13, 2026, 9:56 Т.Ж.
0
35

Шымкент қалалық полиция департаменті 21 жастағы жергілікті тұрғын Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қылмысқа қатысы бар деп танылған 28 жастағы ер адам қаладан 10 шақырым жердегі ашық алаңда ұсталды.

Күдіктіні іздестіруге қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, Шымкентке кіріп-шығатын жолдарда бақылау күшейтілген. Тергеу барысында ұсталған азаматтың марқұммен таныс болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Шымкентте 21 жастағы бойжеткеннің өліміне күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары аясында қылмыстың мотиві мен нақты мән-жайы анықталып жатыр» – деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке Төлеметов пен Өтегенов көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнындағы бейнежазбалардан бойжеткеннің қашып құтылмақ болып, қарсылық көрсеткенін көруге болады. Алайда қаскөй оны соққыға жығып, бірнеше жерден пышақ жарақатын салған соң, ізін суытқан.

Марқұм Нұрай Серікбай студент болған және ата-анасымен бірге оқиға орнына жақын маңдағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Отбасының кенжесі болған бойжеткеннің соңында екі ағасы қалды. Туыстары марқұмның денесін Түркістан облысының Төрткүл ауылына жерлеуге алып кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады