Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Маңғыстаудағы ірі апат: 50 жолаушысы бар автобус аударылып, 4 адам мерт болды

Фото көзі: ТЖД
Қаһар Бинахметов
Қаң. 16, 2026, 11:46 Т.Ж.
0
30

16 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысындағы «Доссор – Ақтау» тасжолының 383-шақырымында «CASPIAN TRANS CORPORATION» ЖШС-не тиесілі Yutong жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмып, түрлі жарақат алған үш жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес апатқа ұшыраған көлік құралы 2025 жылғы 19 желтоқсанда жоспарлы техникалық тексерістен өткен. Алдын ала болжам бойынша Ақтаудан Бейнеуге бет алған автобус жүргізушісі көлікті игере алмай, аударылып кеткен.

«Автобуста барлығы 50 адам болған. Аталған автожол учаскесі техникалық екінші санатқа жатады, жол жамылғысында ақаулар анықталған жоқ. Оқиға тәуліктің қараңғы уақытында болды» – деп хабарлады көлік министрлігі.

Ресми деректерге сүйенсек апат болған жерден 200 шақырым бұрын жүргізушілердің ауысуы жүзеге асырылған. Көлік тізгінінде 1985 жылы туған азамат болған. Мамандардың айтуынша ені 9 метрді құрайтын асфальтбетонды жол учаскесінде барлық тиісті жол белгілері орнатылған.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Полиция департаменті аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. Тергеу шеңберінде тасымалдаушы компанияның жұмыс режимі мен техникалық қауіпсіздік нормаларының сақталуы жан-жақты тексерілетін болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады