Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      22°C
Ру

Алматы облысында жасөспірімді азаптаған екі әйел сотталды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 10, 2026, 9:30 Т.Ж.

Алматы облысында 16 жастағы қызды ұрып-соғып, азаптаған екі әйел 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Тергеу мәліметінше, екі әйел жасөспірімді алдап үйінен шығарып, өзен жағасына апарған. Сол жерде олар қызды соққыға жығып, бірнеше рет суға батырып қорлаған. Болған жағдайды бейнежазбаға да түсіріп алған.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қылмыс қызғаныш салдарынан жасалған. Сотталғандардың бірі жергілікті әкімдік қызметкері болғаны белгілі болды.

Сот оларды Қылмыстық кодекстің "Қинау" бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз