82 жастағы қария шөбересін зорлағаны үшін 20 жыл арқалады
Астана соты жеті жасар шөбересіне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен 82 жастағы қарияға қатысты қатаң үкім кесті, деп хабарлайды ZontNews.kz.
«НеМолчиKZ» қорының басшысы Дина Смайылованың хабарлауынша сотталушы ең ауыр жаза бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыс 2025 жылдың сәуір айында баланың туған күнін тойлау кезінде отбасы мүшелерінің көзінше болған. Жәбірленушінің туыстары қарияны қылмыс үстінде ұстап алды. Тергеу барысында куәгерлердің айғақтары мен сот-генетикалық сараптаманың қорытындылары айыпталушының кінәсін толықтай дәлелдеді.
Сот аталған тұлғаны Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп таныды.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше айыпталушының егде жасына байланысты отбасы ішінде істі сотқа жеткізбеу туралы үгіт-насихат жүргізілген. Алайда қыздың анасы оқиға болған түні бірден құқық қорғау органдары мен қоғамдық қорға жүгінген. Ол баласын сараптамаға апара жатқан сәтте-ақ заңды көмек сұраған.
«Бұл қария өз ісінің қылмыс екенін жете түсінген. Қылмыс үстінде ұсталған бойда қашып кетіп, полиция құрықтағанға дейін бір тәулікке жуық із жасыруға тырысты» – деп мәлімдеді Дина Смайылова.
Сот отырысында белгілі болғандай сотталушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, оның егде жасы қылмыстың ауырлығы мен сипатына байланысты жазаны жеңілдететін жағдай ретінде қарастырылмады.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз