Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      4°C
Ру

Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдынында атап өтті

Фото көзі: : ӨКҚ
ZontNews.kz
Наурыз 18, 2026, 6 Т.Қ.
0
10

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда алғаш рет бірден үш мұз айдынында ұлттық киіммен сырғанау іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

18 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап Алматы Арена, Халық Арена және Олимпик кешені барлық ниет білдірушілерге есігін айқара ашты. Бірінші болып айдынға мектеп оқушылары шықты.

Қала әкімдігінің бастамасымен бұл шарада студенттерден бастап балалы отбасылар мен үлкен кісілерге дейін тегін сырғанау мүмкіндігі берілді. Камзол, сәукеле мен зерлі шапандар іс-шараның ажарын арттырды.

Қонақтар суретке түсіп, алған әсерін бөлісті және мұз бетінде ұлттық мәдени мұраны насихаттауға болатынын сезінді. Бұл кеш спорттық демалыс қана емес, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылыққа деген құрметтің жарқын үлгісіне айналды.

Алматы дәстүр мен қазіргі заман өмірін үйлестіріп, ұлттық мәдениетті насихаттауда алдыңғы қатарда екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз