БАӘ мұнай ұйымынан кетті: ОАПЕК-тен шығу шешімі күшіне енді
Біріккен Араб Әмірліктері ресми түрде Араб елдері мұнай экспорттаушы ұйымы құрамынан шықты. Бұл туралы ұйымның ресми мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мәліметке сәйкес, Әмірліктердің Энергетика министрі Сухейль әл-Мазруи ОАПЕК Министрлер кеңесіне жолдаған хатында елдің 2026 жылғы 1 мамырдан бастап ұйымнан шығатынын хабарлаған.
ОАПЕК штаб-пәтері Кувейт қаласында орналасқан. Ұйым 1968 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал БАӘ оған ондаған жыл бойы мүше болған.
Айта кетейік, бұған дейін Әмірліктер ОПЕК және ОПЕК+ аясындағы ынтымақтастық форматына қатысты да өз ұстанымын қайта қарауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл шешім мұнай өндіру квоталарына байланысты келіспеушіліктермен түсіндіріледі.
Билік өкілдерінің айтуынша, ел әлемдік нарықтағы сұраныс пен баға жағдайына қарай мұнай өндірісін арттыруды көздеп отыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз