Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    20°C
    • Астана
      23°C
Ру

Қазақстанның қарызы 39 трлн теңгеден асты кімге және қанша берешек бар

Фото көзі: : Azattyq Rýhy
ZontNews.kz
Мамыр 5, 2026, 10:31 Т.Ж.
0
2

ZontNews.kz. Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды: 2026 жылғы 1 сәуірдегі ресми дерекке сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 39 трлн теңгеден асып, шамамен 81 млрд долларды құраған.

Мамандардың айтуынша, мәселе тек қарыз көлемінде емес, оның құрылымы мен қалай пайдаланылып жатқанында. Қарыздың басым бөлігі – тікелей мемлекеттік міндеттемелер, яғни 36,8 трлн теңге. Бұл жалпы қарыздың 90 пайыздан астамын құрайды.

Соңғы жылдары Қазақстан сыртқы емес, ішкі нарықтан көбірек қарыз алуға көшкен. Ішкі қарыз көлемі 27 трлн теңгеден асса, сыртқы қарыз шамамен 8 трлн теңге. Бұл валюталық тәуекелдерді азайтқанымен, қаржы институттарының қаражаты мемлекеттік бағалы қағаздарға шоғырланып, бизнеске берілетін несиенің азаюына әсер етуі мүмкін.

Сыртқы қарыз негізінен халықаралық ұйымдардан тартылған. Олардың қатарында Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Еуропалық қайта құру және даму банкі бар. Сонымен қатар, еурооблигациялар да маңызды үлеске ие.

Өңірлер де қарыз тартуға белсенді кірісе бастаған. Жергілікті атқарушы органдардың берешегі шамамен 2,5 трлн теңгеге жеткен.

Жалпы сарапшылар қазіргі қарыз деңгейін қауіпті деп бағаламайды. Алайда негізгі сұрақ – алынған қаражаттың қайда жұмсалып жатқаны. Егер ол экономиканы дамытуға бағытталса, тиімді нәтиже беруі мүмкін. Ал тек ағымдағы шығындарды жабуға кетсе, уақыт өте ауыр салмаққа айналуы ықтимал.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз