Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Журналист Олег Гусев 3 жылға сотталды

Фото көзі: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
Қаһар Бинахметов
Жел. 30, 2025, 10:23 Т.Ж.
0
28

Алматы қаласының Алатау аудандық соты теміртаулық журналист Олег Гусевке қатысты үкім жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Сот оны жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Журналист 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, дәл осы мерзімге кәсіби қызметпен айналысу құқығынан шектелді.

Іс материалдарына сәйкес Олег Гусев 2023 жылдың тамыз айында Алматыдағы «Кенжехан» базарының иелері мен жалға алушылар арасындағы шиеленіс туралы зерттеу мақаласын жариялаған. Жарияланымда қақтығысқа қатысушы тараптардың бірінің екі мәрте сотталғаны және әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәліметтер келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы журналист жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіруді әрі қоғам алдында жағымсыз бейне қалыптастыруды қасақана көздеген деп есептейді.

Айыпталушы өз кезегінде жәбірленушінің криминалдық өткені туралы ақпаратты Сот кабинетінің ашық дерекқорынан алғанын және тек заң аясында әрекет еткенін мәлімдеді.

Сот үкіміне сәйкес журналист жаза мерзімі ішінде кәсіби зерттеулермен айналыса алмайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады