Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      21°C
Ру

Журналист Борейко сот дауына ілікті: 71 млн теңге талап етіліп, шоттары бұғатталды

Фото көзі: видеодан алынған скриншот
ZontNews.kz
Сәуір 29, 2026, 1:14 Т.Қ.
0
9

Журналист Вадим Борейко құрылыс компаниясы туралы жарияланымдары үшін дауға қалды. Қазір оның барлық банк есепшоттары бұғатталған. Etude-Ybyrai компаниясы журналисті «шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жүйелі түрде таратты» деп айыптап, 71 млн теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Борейко бұл жағдайды банк қосымшаларына кірген кезде кездейсоқ білген. Оның карталары, депозиттері және зейнетақы шоты да шектелген болып шыққан. Кейін SMS хабарлама келіп, сот орындаушысы арқылы өзіне қарсы азаматтық іс қозғалғанын анықтаған. Журналистің айтуынша, сот отырысы 19 мамыр күні видеобайланыс арқылы өтеді. Талап қоюшы – Etude-Ybyrai компаниясының өкілі Бақыт Қасыбаев.

Құрылыс компаниясы Борейконың материалдары олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, тұрғын үй жобасының сатылымына кері әсер етті деп санайды. Ал журналист өз кезегінде материалдарын тұрғындардың шағымдары негізінде жасағанын және барлық тарапқа – құрылыс компаниясына, мемлекеттік органдарға, депутаттарға сөз бергенін айтады.

Мемлекеттік органдар жобалық-сметалық құжаттамаға берілген оң қорытындының күші жойылғанын және құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарлама тізілімнен алынғанын мәлімдеген. Ал компания бұл ақпараттың ескіргенін, сараптама қайта жүргізілгенін және құрылысты жалғастыруға кедергі жоқ екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін ақпан айында Борейконың әлеуметтік желідегі аккаунттары бұзылып, оның атынан бөгде жазбалар жарияланған. Журналист – 730 мыңнан астам жазылушысы бар «Гиперборей» YouTube арнасының авторы.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз