Жүргізушілер «соқыр аймақпен» ақтала алмайды
Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жүк көліктерінің қатысуымен болған қайғылы жол-көлік оқиғаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның айтуынша, балалардың қаза болуына әкелген жол апаттары бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттегі оқиғаға қатысы бар жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сондай-ақ министрдің орынбасары азаматтардың жүк көліктерінің қала ішінде жүруіне толық тыйым салу туралы ұсынысына жауап берді. Оның сөзінше, мұндай шектеу енгізу мүмкін емес, өйткені жүк көліктері құрылыс жұмыстары мен қалалық инфрақұрылымды дамытуда маңызды рөл атқарады.
Санжар Әділов жүргізушілердің «соқыр аймақтарға» сілтеме жасауы оларды жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. Оның айтуынша, жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жүргізуші көлікті басқару кезінде толық жауапкершілік көтереді және жолдағы жағдайды мұқият бақылауға міндетті.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз