Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    15°C
    • Астана
      5°C
Ру

Жүргізуші куәлігін заңсыз беру схемасы әшкереленді

Фото көзі: ; Informburo.kz
ZontNews.kz
Наурыз 19, 2026, 4:17 Т.Қ.
0
7

Қазақстанның бірқатар өңірінде жүргізуші куәліктерін заңсыз алу схемасы анықталды. Бұл туралы ZontNews.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылдың басынан бері Астана қаласы, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін беру барысында заңсыз сыйақы алу және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану деректері тіркелген.

Астанада Мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы орынбасары пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектескен. Жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 60-тан астам факт тіркелді.

Сонымен қатар, Көкшетау мен Екібастұзда емтиханды жалған тұлғалар арқылы тапсыруды ұйымдастырған лауазымды адамдар анықталған. Ал Астана, Шымкент және Тараз қалаларында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу кезінде өкілеттіктерін теріс пайдалану арқылы заңсыз баю фактілері белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз