Жолаушы қаза тапты: Lufthansa ұшағы Алматыға шұғыл қонды
Фото көзі: Lufthansa
Қаһар Бинахметов
Жел. 26, 2025, 4:44 Т.Қ.
0
22
Lufthansa әуе компаниясының Мюнхеннен Бейжіңге бағытталған LH 0722 рейсі жолаушының қаза табуына байланысты Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 желтоқсан күні ұшу кезінде болған.
Әуе кемесінің экипажы жолаушы есінен танып қалған сәтте сапарды тоқтатып, шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ жерге қонған бойда әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы көмекке келгенімен, мамандар тек өлім дерегін тіркеді.
«Медицина қызметкерлері келген сәтте жолаушының ұшу кезінде көз жұмғаны анықталды» – деп хабарлады ҚАӘ.
Барлық қажетті заңды процедуралар орындалғаннан кейін әуе кемесіне жанармай құйылды. Lufthansa борты жергілікті уақыт бойынша сағат 07:56-да Бейжіңге қарай сапарын жалғастырды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жаңалықтар
ТағыАқп. 4, 2026, 10:55 Т.Ж.
0
22
Сізді де қызықтырады
Сұхбат
Бөлімге өтіңіз
Қаң. 21, 2026, 12:40 Т.Қ.
0
45
Қар. 4, 2025, 1:59 Т.Қ.
0
66
Trends
Бөлімге өтіңіз
Қаң. 29, 2026, 10:17 Т.Ж.
0
16
Қаң. 21, 2026, 10:25 Т.Ж.
0
21
Қар. 19, 2025, 4:28 Т.Қ.
0
37
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз