Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    26°C
    • Астана
      21°C
Ру

Жетісу облысында екі Toyota Camry соқтығысып, екі адам көз жұмды

Фото көзі: Видеодан кадр: instagram.com/kazakhpress.kz
ZontNews.kz
Шілде 14, 2026, 1:58 Т.Қ.

Жетісу облысында Алматы–Өскемен автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, сегіз адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат Алматы–Өскемен автожолының 171-шақырымында болған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан тағы бір Toyota Camry автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің 56 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы сегіз адам медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, екінші көліктің жүргізушісі ауруханада қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Әлеуметтік желілерде жол апаты болған жерден куәгерлер түсірген бейнежазбалар тарады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескеріп қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтауға және көлік тізгінінде отырғанда алаңдататын әрекеттерден бас тартуға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз