Жума, 13 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    -2°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Жантүршігерлік жол апатын ЖИ тіркеді

Фото көзі: : t.me/qazavtojol
ZontNews.kz
Қыр. 7, 2026, 4:23 Т.Қ.

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында болған жол апаты жасанды интеллект камерасына түсіп қалды. Апат салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ZontNews.kz. «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Оқиға республикалық маңызы бар тасжолдың 51-шақырымында болған. Бейнежазбада Астана бағытында келе жатқан Mercedes жүргізушісінің басып озуға әрекеттеніп, сол бағытта қозғалған «Газельмен» соқтығысқаны көрінеді.

Соққыдан кейін «Газель» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір адам қаза тапты.

Қазір апаттың нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ басып озар алдында жолдағы жағдайды мұқият бағалауға шақырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз