Жаңа Салық кодексі: не өзгерді?
Қазақстанда жаңа Салық және Бюджет кодекстері күшіне енді. Үкімет мәліметінше, реформа экономиканың нақты секторын қолдауға, салық жүктемесін әділ бөлуге және көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Биылғы бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджет кірістері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 16%-ға өссе, республикалық бюджетке түсетін кіріс 8,5 трлн теңгеге жетті. Бұған ҚҚС түсімдерінің айтарлықтай артуы әсер еткен.
Жаңа кодекс бойынша корпоративтік табыс салығының негізгі мөлшерлемесі 20% деңгейінде қалды, банктер үшін – 25%, ал аграрлық секторға 3% жеңілдетілген мөлшерлеме белгіленді. ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16% болып бекітіліп, дәрі-дәрмек, оқу әдебиеттері мен баспасөз өнімдеріне төмендетілген мөлшерлемелер енгізілді. Сондай-ақ жоғары табыс алатын азаматтар үшін жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіліп, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері ЖТС-тан босатылды. Сонымен қатар ескі автокөліктерге салынатын салық азайтылып, салықтық есептілік пен алымдар саны қысқартылды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз