Жанәбіловтерден тәркіленген 8 көлік Бас прокуратураға берілді
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан сот шешімімен тәркіленген сегіз Hyundai Elantra автокөлігі Бас прокуратура жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының теңгеріміне берілді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, әр көлікке мемлекеттік органдардан үш өтінімнен түскен. Нәтижесінде сегіз автокөліктің барлығы Бас прокуратураға қарасты ведомствоға бекітілді.
Тәркіленген көліктердің жалпы бағалау құны 67,1 млн теңгені құрайды. Жеті Hyundai Elantra 8,395 млн теңгеден, тағы біреуі 8,39 млн теңгеге бағаланған.
Еске салайық, сот Жанәбілов пен Төлегенованы заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша кінәлі деп танып, сегіз Hyundai Elantra мен 17 iPhone 16-ны мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз