Яна Легкодимованы өлтіргендер “Қара бүркіт” колониясына жіберілді
Яна Легкодимованы өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов жазасын өтеу орнына жөнелтілді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, сотталғандар 19 сәуір күні арнайы вагонмен Қостанай облысындағы №39 төтенше қауіпсіздік мекемесіне жеткізілген.
Аталған колония елде “Қара бүркіт” деген атаумен белгілі. Бұл – Қазақстандағы ең қатаң режимдегі, барынша жабық түзеу мекемелерінің бірі. Мұнда өмір бойына сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу құқығынсыз жаза өтеушілер ұсталады.
Еске салайық, сот үкімі 2025 жылғы 17 қарашада шыққан. Сот екі азаматты да қызды өлтіру және оның мүлкін жою бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Іс материалдарына сәйкес, Яна Легкодимова мен Ризуан Хайржанов бұрыннан таныс болған, бір университетте оқыған. Қайғылы оқиғаға өзара жанжал себеп болғаны айтылған: қыз жігіттің басқа адамға үйленбек болғанын біліп, бұл туралы қалыңдығына айтатынын жеткізген.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, айыпталушылардың екеуі де бұрын сотталмаған.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз