Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Вице-премьер Жұманғариннің жұбайы қор нарығынан миллиондаған пайда көрген

Фото көзі: gov.kz
Қаһар Бинахметов
Қаң. 6, 2026, 12:55 Т.Қ.
0
17

Ұлттық экономика министрі әрі премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жұбайының табысы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

2024 жылдың салық кезеңіне қатысты есеп қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету талаптарына сәйкес ведомствоның ресми сайтында орналастырылды.

Мәліметтер министрліктің ресми ресурсының «Лауазымды тұлғалардың табыстары» бөлімінде қолжетімді. Деректерге сүйенсек министрдің жұбайы Сәния Садықова құнды қағаздар нарығында белсенділік танытып, қомақты кіріс тапқан. Оның инвестициялық портфелі өткен жылы 90 миллион теңгеге жуық пайда әкелген.

«Министрдің жұбайы Сәния Садықова 88,6 миллион теңге көлемінде табыс тапқанын мәлімдеді. Бұл қаражат құнды қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен дивидендтер мен инвестициялық сыйақылар ретінде алынған» – деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

Бұл ақпарат Серік Жұманғарин жетекшілік ететін салық реформасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тұста жарияланып отыр. Бірқатар сарапшылар жаңа Салық кодексіне қатысты сыни пікір білдірген еді. Атап айтқанда экономист Марат Әбдірахманов жаңа өзгерістер шағын бизнеске ауыр тиетінін, бағаның өсуіне әкеп соқтыратынын және әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін екенін ескертті.

Дегенмен Серік Жұманғарин аталған реформа үшін жауапкершікті толықтай өз мойнына алып, өзін оның «әкесі» деп атады. Вице-премьер халықаралық тәжірибе мен нақты есептеулерге сүйенгенін айтып, бизнес пен сарапшылардың сынына қарамастан реформаның оң нәтиже беретініне сенімді екенін жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады