Үкімет жалақыны көтермек
Үкімет ең төменгі жалақыны және азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Оның айтуынша, халықтың нақты табысын арттыру – Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі. Осы мақсатта 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Жұманғариннің сөзінше, билік ең төменгі жалақыны көтеру, сапалы жұмыс орындарын құру, азаматтардың несие жүктемесін азайту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша кешенді шаралар қабылдамақ.
Сондай-ақ Үкімет халықтың нақты табысының өсімі инфляция деңгейінен кемінде 2–3 пайызға жоғары болуын көздеп отыр. Бұған экономикалық өсімді қамтамасыз ету және инфляцияны төмендету арқылы қол жеткізу жоспарланған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау алатын жұмыс берушілерге қызметкерлеріне өңірдегі медианалық жалақыдан төмен емес еңбекақы төлеу талабы енгізіледі. Бұл талап орындалмаған жағдайда, кәсіпорындар субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер сияқты мемлекеттік қолдау шараларынан айырылуы мүмкін.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз