Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    7°C
    • Астана
      -3°C
Ру

Әуезов мұрасы – ұлт руханиятының мәңгілік бағдары

Фото көзі: ӨКҚ
ZontNews.kz
Ақп. 12, 2026, 4:17 Т.Қ.
0
26

Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада ұлы жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Мұхтар Әуезов шығармашылығы және рухани құндылықтар» атты әдеби кеш өттідеп хабарлайды ZontNews.kz 

Тағылымды шараға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик Кенжехан Матыжанов, ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры Диар Қонаев, сондай-ақ белгілі ғалымдар мен жазушылар қатысты.

Кеш аясында «Мұхтар Әуезов және ұлт руханияты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының сирек басылымдары мен зерттеу еңбектері көпшілік назарына ұсынылды.

Бауыржан Жақып өз сөзінде Әуезов шығармашылығы қазақ әдебиетінің даму бағдарын айқындаған рухани темірқазық екенін атап өтті. Ал ғалымдар жазушы еңбектерінің ғылыми және мәдени маңызына тоқталып, оның мұрасы уақыт өткен сайын жаңаша зерделене беретінін айтты.

Алматы қаласындағы №128 мектеп оқушылары дайындаған әдеби көрініс пен Сағыныш Кенжеғалиқызының орындауындағы «Мұхтар аға» әні кештің мазмұнын байыта түсті.

Онлайн байланыс арқылы сөз сөйлеген Лейден университетінің профессоры Зифа-Алуа Әуезова қаламгер мұрасының әлемдік ғылымдағы орны ерекше екенін жеткізді.

Кеш соңында Әдебиет және өнер институтының ғылыми еңбектері Алматы кітапханалар жүйесіне табысталып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Тағылымды жиын Әуезов мұрасының ұлт руханиятындағы айрықша орнын тағы бір мәрте айқындады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз