Түркістанда оқушыны зорлады деп айыпталған 70 жастағы зейнеткер сотталды
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 15 жастағы оқушыны зорлап, жүкті етті деп айыпталған 70 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы ZontNews.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің «Зорлау» және «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты кез келген лауазымды өмір бойына атқару құқығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
Басылым мәліметінше, іс сотта жабық режимде қаралған. Айыпталушы өзіне тағылған айыпты мойындамаған.
Судья Дәурен Мадалиевтің айтуынша, сот айыпталушының кінәсі жәбірленушінің көрсетулерімен және іске тіркелген бірнеше сот сараптамасының қорытындыларымен дәлелденген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз