Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Түркістанда бас дәрігер 115 млн теңгені жымқырды

Фото көзі: Pixabay
Қаһар Бинахметов
Жел. 9, 2025, 4:18 Т.Қ.
0
11

Түркістанда қомақты қаражатты жымқырған бұрынғы бас дәрігер қолға түсті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде алаяқтыққа барған. Ол іске танысын тартқан, сондай-ақ туыстары мен таныстарының атына тіркелген компанияларды пайдаланған.

ҚМА мәліметінше, «компаниялардың атынан әдейі асыра көрсетілген коммерциялық ұсыныстар дайындалған. Жабдықты іс жүзінде басқа фирма жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы компаниялар арқылы рәсімделген. Ауруханадан есепшоттарға түскен қаражат күдіктілер тарапынан қолма-қол ақшаға айналдырылады және өзара бөлінген».

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңге. Бұрынғы бас дәрігерге бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үй қамақта отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз