Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    1°C
    • Астана
      -21°C
Ру

Түркістан облысында полицейлер 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Фото көзі: Sputnik / Владислав Воднев
Қаһар Бинахметов
Қаң. 30, 2026, 9:43 Т.Ж.
0
17

Түркістан облысында полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған зорлық-зомбылық оқиғасы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты Ішкі істер министрлігі (ІІМ) ресми түрде тергей бастады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғыны құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Соның негізінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер бұрын ішкі істер органдарында қызмет еткен, алайда олар қызметтік тексеріс нәтижесінде жұмыстан шығарылған.

«Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы толық көлемде тексеріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында олардың іс-әрекетіне принципті құқықтық баға беріледі» – деп мәлімдеді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Министрліктің мәліметінше, аталған тұлғалар ішкі істер органдарының абыройына нұқсан келтіргені үшін теріс қылықтарымен қызметтен босатылған. Қазіргі уақытта тергеудің барысы ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды. Оқиғаның мән-жайы мен құқықтық салдары алдағы сотқа дейінгі өндіріс барысында нақтыланатын болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады