Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 г.

$ 518.81
609.28
6.55
  • Алматы
    -5°C
    • Астана
      -9°C
Ру

Түркі халықтарының киіз үй өнері адамзаттың рухани мұрасына енді

Фото көзі: Pixabay
Қаһар Бинахметов
Жел. 11, 2025, 10:02 Т.Ж.
0
9

Қазақстан, Қарақалпақстан және Қырғызстан киіз үй жасау дәстүрі ЮНЕСКО-ның адамзаттың рухани мұрасын қорғау тізіміне енді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Шешім 10 желтоқсанда Нью-Делиде өткен Үкіметаралық комитеттің 20-шы сессиясында бір ауыздан қабылданды.

Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева сүйінші жаңалықты жариялап, «Бұл дәстүр түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтаудың маңызды белгісі» деді. Көшпелі халықтардың киіз үй жасау дәстүрін Қазақстан мен Қырғызстан 2014 жылы алғаш ұсынған. Кейін Өзбекстан қарақалпақ киіз үйін қосу жөнінде ұсыныс жасап, номинация үш елдің бірлескен жобасына айналды.

Өтінімде киіз үйдің тек баспана емес, ұлттық бірегейліктің символы екені атап көрсетілген. Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа, шеберден шәкіртке беріліп отырады. Киіз үй жасау өнері Өзбекстанның ұлттық рухани мұра тізімінде де бар.

Биыл Үкіметаралық комитет рухани мұра тізіміне 68 номинацияны қарастыруда. Олардың қатарында Жапонияның оригами дәстүрі, Үндістанның Дивали мерекесі, Мысырдың ұлттық тағамы кошари және Швейцарияның йодль әні бар. ЮНЕСКО мәліметі бойынша, қазіргі таңда халықаралық тізімде 153 елден 812 элемент тіркелген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз