Сәрсенбі, 4 Ақпан 2026 г.

$ 503.05
595.85
6.55
  • Алматы
    2°C
    • Астана
      -12°C
Ру

Трамп Тоқаевты Бейбітшілік кеңесіне шақырды

Фото көзі: Ақ үй
Қаһар Бинахметов
Қаң. 19, 2026, 1:32 Т.Қ.
0
27

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңадан құрылып жатқан Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіру туралы ресми шақырту жолдады. Сонымен қатар Қазақстанға аталған халықаралық ұйымның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу ұсынылдыі, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Бұл ақпаратты мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады.

Вашингтонның бұл бастамасы Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге қосқан үлесін халықаралық деңгейде мойындау ретінде бағаланып отыр. АҚШ әкімшілігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ибраһим келісімдеріне» қосылу туралы шешіміне жоғары баға берген. Сондай-ақ президенттің соңғы уақытта Дональд Трамппен, Махмуд Аббаспен және Биньямин Нетаньяхумен өткізген келіссөздері маңызды рөл атқарды.

«Президент Дональд Трамптан мұндай ресми үндеудің келгенін басқа ел көшбасшыларының мәлімдемелерінен кейін жасыру орынсыз болар еді. Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік лидерлердің ішінде алғашқылардың бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алды, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекет болу ұсынылды» – деп мәлімдеді Руслан Желдібай.

Мемлекет басшысы АҚШ президентінің атына жауап хат жолдап, аталған бірлестіктің құрамына кіруге келісімін берді. Қазақстан Таяу Шығыстағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және мемлекетаралық сенімді нығайтуға өз үлесін қосуға дайын екенін растады. Ресми Астана бұл туралы бұрын жарияламау себебін дипломатиялық этикамен түсіндірді.

Бейбітшілік кеңесі Газаның бейбіт дамуы бойынша халықаралық ресурстарды жұмылдыруды және стратегиялық бақылауды жүзеге асырады. Оның құрамында жеті адамнан тұратын Құрылтайшы атқарушы кеңес және жаңа үкіметтің қызметін қадағалайтын 11 мүшеден тұратын Газа атқарушы кеңесі құрылады. Қазіргі уақытта Аргентина, Түркия, Египет және Италия сияқты бірқатар мемлекеттер бұл бастамаға қолдау білдірді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз

Сізді де қызықтырады