Сенбі, 21 Наурыз 2026 г.

$ 481.88
556.79
5.72
  • Алматы
    11°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Трамп Тоқаевқа хат жолдап, G20 саммитіне шақырды

Фото көзі: : Акорда
ZontNews.kz
Наурыз 19, 2026, 3:05 Т.Қ.
0
7

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Америка көшбасшысы хатында ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысы аясында Қазақстан президентімен болған кездесуді жоғары бағалап, ризашылығын білдірген.

Сондай-ақ Дональд Трамп алдағы Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және осы жылдың соңында Майами қаласында өтетін G20 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевты қайта қарсы алуға ниетті екенін жеткізген.

Айта кетейік, биыл ақпанда Қазақстан президенті Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысқан болатын. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесі аясында арнайы марапат тағайындау туралы бастама көтерген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз