Сәрсенбі, 5 Тамыз 2026 г.

$ 471.98
543.39
5.82
  • Алматы
    25°C
    • Астана
      24°C
Ру

Тоқаевқа ел экономикасының алғашқы жартыжылдықтағы нәтижелері таныстырылды

Фото көзі: : Ақорда
ZontNews.kz
Шілде 13, 2026, 6 Т.Қ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі есебін тыңдады, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Премьер-министрдің мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 4,1 пайызға өскен. Өңдеу өнеркәсібі – 9,8 пайызға, құрылыс – 15,2 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, сауда – 5,7 пайызға, ауыл шаруашылығы – 4,4 пайызға, байланыс қызметі – 4,3 пайызға артқан.

Сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,5 триллион теңгеге жетіп, жеке инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,4 пайызға көбейген.

Үкіметтің мәліметінше, жыл басынан бері өңдеу секторында жалпы құны 1,7 триллион теңгені құрайтын 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар ірі автожолдар құрылысы, Астанадағы екінші әуежай және Tarlan Astana көлік жүйесін дамыту жобалары жалғасуда.

Жыл соңына дейін елде 20 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 15 триллион теңгеге жетіп, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайған. Шаруаларды қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінген.

Кездесу барысында маусым айындағы жылдық инфляцияның 10,3 пайыз болғаны және әлеуметтік төлемдер мен көші-қон саясатын жетілдіру бағытындағы жұмыстар да талқыланды. Үкімет әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру арқылы жыл сайын бюджеттен 800 миллиард теңгеден астам қаражат үнемдеуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз